Айтенова Альфия Аманжоловна 1989 жылы 24 тамызда БҚО Орал қаласы, Ақжайық ауданы, Базаршолан
ауылында дүниеге келген. Мектепті 2006 жылы аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің философия және саясаттану факультетінің мәдениеттану мамандығына оқуға
түскен. 2006-2010 жж. "Мәдениеттану" мамандығының бакалавры, 2010-2012 жж. осы оқу орнының
"мәдениеттану" мамандығының магистрі. 2019-2022 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің тарих және құқық институтының саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының
"философия" мамандығының докторлығын аяқтадым. 2025 ж. философия PhD докторы дәрежесін
алдым. 2018 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ университетінің философия және саясаттану
факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы қызметін жалғастырып
келемін.